MOTUL 8100 X-CLEAN EFE 5W-30
Жетілдірілген 100% синтетикалық мотор майы сонымен бірге энергия үнемдейді және қорғау қасиеттері жоғары болып табылады. Жоғары энергия үнемдейтін қасиеттерінің арқасында BMW Group, GM (General Motors), OPEL, MERCEDES және VW мақұлдаулары бар. Арнайы соңғы буын автомобильдерінің бензин және дизель қозғалтқыштарына, оның ішінде турбоүрлеммен және тікелей бүріккішпен жабдықталған қозғалтқыштарға арналған.
Euro 4, Euro 5 немесе Euro 6 нормаларының талаптарына сай, және оларда тұтқырлығы жоғары HTHS (>3.5 мПа.с), сульфатты күлдікділігі төмен (≤0,8%), құрамында фосфор (0.07%-0.09%) мен күкірті (0.3%) бар АСЕА С3 стандартының майын - «Mid SAPS», немесе үйкеліс коэффициенті мен тұтқырлығы төмен HTHS (> 2.9 мПа.с), сульфатты күлдікділігі төмен (≤0,8%), құрамында фосфор (≤0.09%) мен күкірті (≤0.3%) бар майларды - «Mid SAPS» қолдануды талап ететін қозғалтқыштарға арналған
АСЕА С2 стандартының энергия үнемдейтін майларын (Fuel Economy) талап ететін автомобильдерде қолданылады.
Катализдік бейтараптағыштармен және күлдік сүзгілермен (DPF) жабдықталған.
Осы май түрі кейбір қозғалтқыштарда қолдануға арналмаған болуы мүмкін. Күмән туындаған жағдайда көлік құралын пайдалану жөніндегі нұсқаулықты қараңыз.